389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сайлау барысын 48 халықаралық байқаушы бақылады

  • 175
  • UPD: 14:19, 10.06.2019
СҚО-да сайлау барысын 48 халықаралық байқаушы бақылады

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау барысын 48 халықаралық байқаушы бақылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси науқанның қоғам белсенділері де қадағалады. Олардың бәрі таңертең сайлау учаскелерінің ашылуына қатысып, күні бойы дауыс беру орындарын аралаумен жүрді. Өңірде 400 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар өз таңдауын үйде жасады. Жүріп-тұруы қиын адамдар үшін жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылды.

Елена Дружинина, ТМД байқаушылар миссиясының өкілі:

Мен сайлау комиссиясының жұмысын атап өтер едім. Шынымен де жақсы дайындалған. Олар дер кезінде кез келген сұрақ сауалдарға жауап беріп отырды. Сайлау учаскелеріде талапқа сай. Ешбір ескерту жоқ.

Хабар 24 телеарнасы