378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл Ахметбеков: Сайлауда маған дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдіремін

  • 118
  • UPD: 16:52, 10.06.2019

Сайлаудың нәтижесі бұл - кандидаттарға деген халықтың сенімі мен қолдауының көрсеткіші.

Коммунистік халық партиясы ұйымдастырған брифингте Жамбыл Ахметбеков осылай деді. Сондай-ақ ол сайлау билік транзитінің қорытынды кезеңі екенін атап өтті. Жиында партиялықтар үгіт-жұмыстарына белсенді атсалысқан өңірлік бөлімшелеріне алғыс білдіріп, ендігі кезекте парламенттік сайлауға дайындалатынын айтты.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Сайлау барысында менің белсенділерімді және маған дауыс берген сайлауышылардың барлығына алғыс білдіремін. Бүгінгі сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты нақты сенімін арттырып, халықтың дауысын жинаған, сондықтан жеңісімен құттықтаймын. Бұл сайлау Қазақстанның әрі қарай дамуына жалғастырар жол екенін білеміз.

Хабар 24 телеарнасы