384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан халқы» атты электронды ғылыми-тарихи карта әзірленді

  • 1021
  • UPD: 15:24, 10.06.2019
«Қазақстан халқы» атты электронды ғылыми-тарихи карта әзірленді

«Қазақстан халқы». Осындай атаумен электронды ғылыми-тарихи карта шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты әзірлеуді Мемлекет басшысы тапсырған. Жобаны Шоқан Уәлиханов атындағы институттың мамандары жүзеге асырыпты. Картаға елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі енгізілген. Бір ерекшелігі, мәліметтің бәрі онлайн үлгіде. Кез келген адам электронды нұсқада оқи алады. Қазір карта жетілдіріліп жатыр. Сарапшылар елорда мен Ақмола облысындағы мұрағаттарды зерттей түспек.

Алтын Уалтаева, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Бүгінгі таңда 56 ұлттың тарихын, мәдениетін картаға енгіздік. Әлі де зерделей түсетін деректер бар. Алдағы 3-4 жылда жобада барлық 130-дай ұлттың тарихын қамтылады. Тіпті елдімізде бір ұлттың өкілі тұрса да, ол туралы электронды ақпарат болады.

Хабар 24 телеарнасы