389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы сайлаудағы екі маңызды жайтты атап өтті

  • 292
  • UPD: 23:58, 10.06.2019
Сарапшы сайлаудағы екі маңызды жайтты атап өтті

«Кешегі өткен президент сайлауы екі маңызды жайтты көрсетіп отыр», – дейді сарапшылар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі – сайлаушылардың көп келуі, екіншісі – байқаушылар санының өсуі. Тоғызыншы маусым күні қазақстандықтардың 77 проценті өздерінің азаматтық борышын орындады. «Кандидаттардың арасында Елбасының жоқ екенін ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш», – дейді саяси ғылымдар кандидаты Мадина Нұрғалиева. Мұндай белсенділік қоғамның саяси санасының толысқанының белгісі. «Ал дауыс беру қорытындысы әділ әрі жариялы өткенін көрсетеді», – дейді сарапшы.

Мадина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдігі жетекшісінің орынбасары:

- Мен үшін 2-3-орындардың қалай бөлінетіні маңызды болды. Қосанов – 15 процент, Дәния Еспаева 5 процент алды. Сарапшылар қауымы үшін Қосанов қызық кандидаттың бірі. Оның 15 процент дауыс алуы біздің альтернативті пікірдегі адамдар үшін жақсы жетістік. Ал Дәния Еспаева 5 процент дауыс жинады. Әрбір 20-адам Еспаеваға дауыс берген екен. Бұл – өте маңызды гендерлік көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы