389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік байқаушы президенттік сайлау барысы жайлы пікір білдірді

  • 292
  • UPD: 23:57, 10.06.2019

Қостанай облысында президент сайлауы барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тобыл өңіріне ТМД елдерінен келген байқаушылар баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Астықты аймақтағы дауыс беру барысын 2,5 мыңнан астам түрлі халықаралық ұйым, саяси партия, қоғамдық бірлестік өкілдері қадағалаған. Облыста барлығы 782 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тіркеуге алынған 600 мыңға жуық адамның 84 проценті өз таңдауын жасады. Байқаушылар тек сайлау учаскелерін емес, қаланың безендірілуінен бастап осы саяси науқанға қатысты дүниенің бәрін назардан тыс қалдырмағандарын айтады.

Дмитрий Семёнов, байқаушы /Ресей/:

- Мен әрқашан мүмкіндігі шектеулі жандарға өз таңдауын жасау үшін қаншалықты жағдай жасалғанына мән беремін. Учаскелердің пандустармен, шақыру тетіктерімен жабдықталуын тексердім. Мүгедек жандарға қалай көмек көрсетілетінін сұрастырдым. Нәтижесінде жауапты мамандардың осы әлеуметтік топтың өкілдерінің дауыс беруіне барынша қолдау көрсеткеніне көзім жетті.

Хабар 24 телеарнасы