389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Какчекеев: Тоқаев – саяси басқару мен халықаралық қатынастар салаларының бірегей маманы

  • 501
  • UPD: 23:55, 10.06.2019

Қырғызстан сарапшылары еліміздің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған президенттік сайлаудың алдын ала мәліметтері жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың пікірінше, халық таңдауында жеңіске ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев тәжірибелі басқарушы ретінде Тұңғыш Президенттің Қазақстанды әлемнің ең дамыған елдер қатарына қосу саясатын жалғастырады. Кезінде Үкімет, Парламент және Сыртқы істер министрлігін басқарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың мол саяси тәжірибесі бар. Сол себептен қырғыз сарапшылары жаңа Президентпен еліміз қарқынды дамитынына сенімді.

Токтогул Какчекеев, Қырғызстан қорғаныс министрлігі жанындағы қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы:

- Қасым-Жомарт Тоқаев – ой-өрісі кең, Батыс, Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің саяси технологияларын меңгерген тұлға. Сондай-ақ ол – саяси басқару мен халықаралық қатынастар салаларының бірегей маманы. Бүгінде мемлекетті басқару үшін міндетті түрде осындай білім қажет.

Хабар 24 телеарнасы