379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шерзод Зиёев: Қазақстандықтар екінші Президентін сайлады

  • 128
  • UPD: 23:55, 10.06.2019

Қазақстандағы әрбір қылт еткен жаңалықты қалт жібермей қарап отыратын өзбекстандық саясаттанушы Шерзод Зиёев еліміздегі өткен кешегі саяси науқанды жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса халықтың сайлауға белсенді қатысуы жұрттың ұлт тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетті. «Тіпті шетелдерде жүрген қазақ жұртының бір кісідей сайлауға қатысуы көп нәрсені аңғартады», – дейді саясаттанушы. Қазақстандықтар жалпы Тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет өздерінің екінші Президентін сайлады. Ел сенім артқан жаңа басшы тұғырнамасында берген уәдесін орындауы керек. Сонда ғана жұрттың билікке деген сенім артады. «Бұған Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп жылдардан бері саясат сахнасында жүріп жиған тәжірибесі мен дипломатиялық ұстанымы негіз бола алды», – дейді көрші елдің саясаттанушысы.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

- Бұл оқиға Қазақстан тарихы үшін өте маңызды және Ұлы дала елінің әлемдегі беделін одан сайын арттырады. Қасым-Жомарт Тоқаев – көп жылдардан бері түрлі саяси құрылымдарда еңбек ете жүріп әбден ысылған азамат. Халықаралық деңгейдегі тәжірибесі де мол. Ол кісінің билікке келуі Қазақстанның өзге елдермен арадағы іскерлік байланысының одан әрі артуына негіз болады.

Хабар 24 телеарнасы