384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқаушы: Сайлау ашық өтті

  • 98
  • UPD: 23:55, 10.06.2019

Шетелдік бақылаушылар Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлау комиссиясының жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және олар өңірде саяси дода барлық заң талаптарына сай өткендігін айтып отыр. Сондай-ақ сарапшылар дауыс берушілердің де белсенділігін байқаған. Жалпы, өңірде күні кеше 50-ге жуық халықаралық маман жұмыс істеді. Оның 22-сі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан болса, қалғандары ТМД елдерінен. Бақылаушылар облыс орталығынан бөлек аудан, ауылды жерлерде орналасқан учаскелерге де барып үлгерді. Аймақта дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Ал облыс халқының 79,8 проценті өз таңдауларын жасады.

Есенғали Ибраев, ТМД миссиясының байқаушысы:

- Сайлау ашық әрі әділ өтті деп толықтай айта аламын. Барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнымен қоса тұрғындардың да белсенділігін атап өту қажет. Әсіресе ауылды жерлерде түске дейін халықтың басым бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді.

Хабар 24 телеарнасы