378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқаушылар бағасы: Сайлау заңға сай өтті

  • 134
  • UPD: 23:55, 10.06.2019

Батыс Қазақстан облысында да Президент сайлауы заңға сай өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан келген байқаушылар миссиясы өкілдерінің пікірі. Өңірдегі саяси науқанның барысын көрші елдерден келген 39 байқаушы және мыңдаған жергілікті белсенді қадағалады. Жайық жұртшылығы 519 сайлау учаскесінде өз таңдауларын білдірді. Облыс халқының 461 мыңы дауыс беру құқығына ие. Байқаушылар сайлау учаскелерінің заңға сай жабдықталып, сайлаушыларға толық жағдай жасалғанын айтады.

Юлия Клондаева, ТМД байқаушылар миссиясының өкілі: 

- Таңғы 7-ден бастап 5 сайлау учаскесінде болып, сайлау барысын қадағаладық. Бірде-бірінде заң бұзушылық байқағанымыз жоқ. Учаскелердің бәрі уақтылы ашылды. Үміткерлердің үгіт құралдары, басқа да қажетті ақпараттар заңға сай ілінген. Тұрғындардың белсенділігі де жоғары болды. Азаматардың белсенділігі түс ауа 50 проценттен асты.

Хабар 24 телеарнасы