378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бизнестің өркендеуі үшін елдегі тұрақтылық маңызды

  • 107
  • UPD: 23:54, 10.06.2019

Кезектен тыс президент сайлауы жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Алматы өкілдігінің жетекшісі Әсел Әбен осындай пікірде. Біріншіден, саяси науқанға 7 бірдей кандидат қатысты. «Яғни бәсеке жақсы болды», – дейді сарапшы. Екіншіден, дауыс беру барысы мұқият қадағаланды. Сайлаудың әр кезеңін мыңнан астам халықаралық байқаушы бақылап, шетелдік баспасөзде кеңінен жарияланды.

Әсел Әбен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдігінің жетекшісі:

- Бұның себептері мынадай. Біріншідіен, қарапайым азаматтар тұрақтылықты қалайды. Екіншіден, бизнесмендер, іскер топ өкілдері үшін де тұрақтылық маңызды. Өйткені қандай да бір саяси тұрақсыздық бизнестегі тәуекелдерді күшейтіп жібереді.

Хабар 24 телеарнасы