384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі 62 емдеу мекемесінде тегін қызмет көрсетіледі

  • 318
Ақтөбедегі 62 емдеу мекемесінде тегін қызмет көрсетіледі

Ақтөбелік 62 емдеу мекемесінде тегін қызмет көрсетіледі.

Оның арасында жекеменшік ұйымдар да бар. Емханалардың мұндай көмегі үшін келісімге сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақы төленеді. Биыл бұл мақсатқа 40 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Дегенмен емдеу орталықтарына қояр талап та жоқ емес. Олардың көрсеткен қызметі күн сайын бақыланып отырады. Кемшілік анықталса, шара қолданылады. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 93 млн теңгенің айыппұлы салынған. Мамандар медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімді екенін айтуда.

Салтанат Оңғар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аоф бөлім басшысы:

– Күнделікті мониторинг бөлімімен медициналық қызметтің сапасы сақтау қадағаланып отырады және де информациондық жүйе арқылы қаралады. Қазіргі таңда бізде 62 жеткізуші бар. Оның 25 – жекеменшік клиникалар. 37 мемлекеттік мекемелер. Яғни халықтың өзінің таңдауы бірінші орында тұр. Біздің базада бар клиникаларға барып, тіркелуіне әбден болады.

Хабар 24 телеарнасы