383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Еңбек» бағдарламасының ерекшеліктері түсіндірілді

  • 53
Оралда «Еңбек» бағдарламасының ерекшеліктері түсіндірілді

Жұмысқа ресми түрде тіркелудің артықшылығы көп.

Орал қаласында жұмыспен қамту орталығының мамандары мен еріктілер халық көп келетін сауда орындарына барып, «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының ерекшеліктерін тұрғындарға түсіндірді. Жыл басынан бері 3 жарым мыңдай азамат екі қолға бір күрек іздеп, аталмыш орталыққа хабарласқан. Олардың 2 мыңы осы бағдарлама бойынша қолдау алған. Жұмыссыздар қайта оқытуға, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға бағытталған, несиелер мен мемлекеттік гранттар берілген. Мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Акция барысында еріктілер бағдарламаның бағыттары мен мемлекеттік органдардың мекенжайы жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Ерлан Ғалиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Базарлардың айналсында нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар өте көп. Өйткені бұлар ИП арқылы тіркелмеген, яғни өз-өздерін жұмыспен қамтып отыр. Бұл жерде халықтың өздеріне қиын болатын себебі – олардың өздеріне зейнетақы қорына ақшаларын аудара алмай отыр. Егер ресми жұмысқа орналасатын болса, кез келген адам өзін әлеуметтік қорғай алады.

Хабар 24 телеарнасы