382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының жұмыс берушілері МСҚ-ға 14,5 млрд теңге аударды

  • 77
  • UPD: 10:44, 11.06.2019
Қарағанды облысының жұмыс берушілері МСҚ-ға 14,5 млрд теңге аударды

Қарағанды облысының жұмыс берушілері міндетті медициналық сақтандыруға 14 жарым миллиард теңге аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, жаңа форматтағы дәрігерлік көмекті қазақстандықтар келесі жылы ала бастайды. Жұмыс берушілер міндетті медициналық сақтандыру қорына әрбір қызметкердің жалақысының 1,5 пайызын аударуға міндетті, ал өзін өзі жұмыспен қамтығандарға емделу үшін  қалталарынан ақша төлеуге тура келеді. Барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етілетін болады. Міндетті сақтандыру  азаматтарға жоғары технологиялық медициналық қызметтермен қоса диагностикадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жарна сомасына қарамастан, жүйенің барлық қатысушылары тең қолжетімділікке ие болады.

Дана Байкенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Eгер босану 82 мың болса, қандай да бір хирургиялық операция 150 мың және одан жоғары болады, ал жоғарғы технологиялық қызметтер бір жарым миллионнан астам тұрады. Жарналарын аударғандар осы медициналық көмекті тегін алады. Және әрі қарай оңалту емі, мейірбикелік күтім – мұның бәрі пациенттер үшін тегін болады.

Хабар 24 телеарнасы