389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығына 6 мыңнан астам адам хабарласқан

  • 289
Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығына 6 мыңнан астам адам хабарласқан

Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері алты мыңнан астам адам хабарласқан.

«Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,5 процентке артық көрсеткіш», – дейді мамандар. Орталыққа жүгінген халықтың дені – оқыған білімі бойынша тұрақты жұмыс таба алмағандар. Бұл мәселені тиімді шешудің бір жолы – кәсіптік қайта даярлаудан өту. Сегіз мамандық түріне баулитын қысқа мерзімдік курстар облыс орталығында үшінші маусымнан бастап жүріп жатыр. Оған төрт жүзге тарта адам жолданған. Жаз мезгілі аяқталғанша, олар кондитер, тігінші, бет әрлеуші, шаштараз және аспаздық өнерді меңгеріп шығады. 

Қытай Құсайынова, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Қысқа мерзімдік курстар бір немесе үш ай жүреді. Оларды өткізетін серіктестікпен келісімшарт жасалған. Соның негізінде жыл аяғына дейін 700-ден астам қала тұрғынын кәсіпке қайта баулуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға қайтарымсыз қаржы гранты мен микронесие беруді де қолға алдық. Аталған грант көлемі 100 АЕК-ке тең, яғни 252 мың 500 теңге. Бұл қаражат «Бастау-бизнес» жобасы аясында тәлім алып, сертификатқа ие болған адамға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы