389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында түлектердің 83% тест тапсыруға өтініш берген

  • 310
Ақтөбе облысында түлектердің 83% тест тапсыруға өтініш берген

Ұлттық біріңғай тестілеу Ақтөбе облысы бойынша 15 арнайы орында өтеді.

Оның басым бөлігі өңір аудандарында орналасады. Қазір дайындық жұмыстары жұруде. Жалпы аймақ бойынша мектеп бітірген түлектердің 83 пайызы, яғни 5178-і тест тапсыруға өтініш берген. Олардың арасында «алтын белгі» және «үздік аттестатқа» үміткерлер де бар. Жаңа формат бойынша тест сынақтары жыл басынан бері екі рет өтті. Оның нәтижесі жоғарғы оқу орындарына ақылы түрде түсуге мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік грант иесі атану үшін осы айдың соңғы онкүндігінде өтетін сыннан сүрінбей өту қажет. Талапкерлерге тағы бір мүмкіндік тамыз айында беріледі.

Хабар 24 телеарнасы