382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл басынан бері 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

  • 363
Қазақстанда жыл басынан бері 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды Túrkistan

Республика бойынша барлығы 40 546 бірлік тұрғын үй тапсырылды.

Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Қарағанды,Қостанай, Ақтөбе облыстары болып табылады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108,8% құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар Қарағанды (153,7%), Атырау (129%), Түркістан (122,5%), БҚО (115,5%), Ақтөбе (112,1%), ШҚО (110,4%), Қостанай (109,9%), Павлодар облыстары (107,8%), СҚО (107,7%), Алматы қ. (105,8%) және Шымкент қ. (105,1%).

«Сонымен қатар, ҚР ИИДМ басшысы көлік кешені бойынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында нақты көлем индексі 105,3% құрағанын хабарлады. Жалпы алғанда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің 3,7%-ға өсуі байқалады. Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47%-ға өсіп, 240 мың ЖФЭ құрады»,-делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы