382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылады

  • 118
  • UPD: 15:09, 11.06.2019
Қарағанды облысында алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылады

Қарағанды облысында тұңғыш рет пантамен емдеу орталығы ашылады.

Маусым айының ортасынан бастап Ақтоғай ауданындағы марал шаруашылығы адамдарды қабылдай бастамақ. Шаруашылық иесі Ержан Қадырберлин осыдан 7 жыл бұрын еліміздің Шығыс өңірінен 21 бас аналығын әкеліп, қорыққа жіберген болатын. Қазір олардың саны 100-ге жетіпті. Әр жыл сайын түз тағысының төрт-бесеуін табиғатқа жіберіп тұрады екен. Олар да қазір төлдеп, көбейіп жатыр. Марал мүйізінен алынатын панта қан аздық, жүрек-қан тамырлары ауруына, ісік жараларына және басқа да сырқаттарға мың да бір ем екен. «Соны негізге алып, болашақта өңірде туризмді дамытсақ», – дейді шаруа иесі. Осылайша Алтайдың кербез сұлу кербұғысын Ақтоғайдың мақтанышына айналдырмақ. 

Хабар 24 телеарнасы