389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған 5 томдық жинақ жарық көрді

  • 410
  • UPD: 15:34, 11.06.2019

«Жүз жылдық жылнама». Дәл осындай атаумен ел газеті «Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған 5 томдық жинақ жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің 100 жылдық жылнамасынан хабар беретін кітапта Алаш қайраткерлері мен сол дәуірдің шындығын көрсететін мақалалар толық қамтылған. Сонымен қатар 1919 жылдан бастап осы газетте басылған ұлт тарихы мен өзекті тақырыптар цифрлы форматқа көшірірілген. Айта кету керек, жүз жылдық межесіне жеткен республикалық басылым алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен тиген. Содан бері, газет өз тарихында «Еңбек туы», «Еңбекшіл Қазақ», «Социалды Қазақстан» және «Социалистік Қазақстан» болып атауын бірнеше рет өзгерткен. Тек 1993 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» атауымен жалғасты.

Дархан Қыдырәлі, «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы:

– Архив тігінділерінде қалған газет нұсқаларын жинастыра отырып, оның ішінде ең өзекті, өткір мақалаларды топтастыруға тырыстық. Осы бес томдық арқылы біздің өткен ғасырдағы шындығымызды көруге болады деп ойлаймын. Қазір екі мың данамен шығарып отырмыз. Оның электронды нұсқасы бар. Ол кезде оқырманға қолайлы болады.

Хабар 24 телеарнасы