389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы қорытындыланды

  • 281
  • UPD: 20:25, 11.06.2019
Қызылордада «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы қорытындыланды

Электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған көпкүндік науқан барысында 3 мыңнан астам өтініш тіркелген.

Сырдария ауданы Шіркейлі елдімекенінің тұрғыны Айсұлу Ахметова мыңыншы болып тіркеліп, ноутбук ұтып алды. Көп балалы ана ауылдан қалаға сабылмай қажетті құжаттарға EGOV арқылы үйден тапсырыс беріп отырған. Жалпы өңірде электронды қызмет алу үлесі 85% құрап отыр. Аталған акцияның бұған дейінгі науқандарына 30 мыңдай сырбойылық қатысқан болатын.

Айсұлу Ахметова, акция жеңімпазы:

- №129 мектепте техперсонал болып жұмыс істеймін. 5 балам бар. «EGOV» арқылы құжаттар тапсырғанмын. Қызым үйден оқиды. Нұрайым Камал деген қызым бар, соның құжаттарын өткізгенмін ХҚКО. Бүгін сыйлыққа ие болып, ноутбук ұтып жатырмыз. Қуанышымда шек жоқ, рахмет сіздерге.

Хабар 24 телеарнасы