383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет қаржысына шаруашылық ашқан фермер түйеқұс өсіруді жоспарлап отыр

  • 67
  • UPD: 21:26, 11.06.2019

Батыс қазақстандық шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр.

Мәселен, Шыңғырлау ауданында биыл «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» шеңберінде  аудан кәсіпкерлеріне 266 миллион теңге көлемінде несие беру көзделіп отыр. Тек төрт түлікті ғана емес, құс шаруашылығын өрістетіп, жасыл экономика жетістігін пайдаланып отырған шаруашылықтар да аз емес.  

Жасқайрат Айсиев жетекшілік ететін шаруа қожалығы төрт жыл бұрын күн мен желден қуат алатын элект станциясын орнатты. Қазір үйдегі барлық тұрмыстық техника соның көмегімен жұмыс істеп тұр. Баламалы электр станциясын орнатуға шаруашылық 8 миллион теңге жұмсады. Бірақ пайыздық мөлшерлеменің тең жартысы мемлекет есебінен өтелді. Осы қолдаудың арқасында шаруа құс фермасын ашуға мүмкіндік алды. «Қаз-үйректің еті дәруменге бай, жеңсік ас саналады. Келешекте түйеқұс өсіру де жоспарымда бар» дейді шаруа.    

Жасқайрат Айсиев, шаруа қожалығының басшысы:

- Малды енді бәрі де ұстағысы келеді ғой, но мына құс өте қиындау жұмыс. Соны әлі де үлкейткім келеді. 2014 жылы центр занятосттан кредит алдым 3 миллион, соған құстың ғимаратын алдым. Жыл сайын көтеріп жатырмын.

Еңбекқор азамат бастапқыда 500-ге жуық балапан алса, былтыр оның санын мыңға жеткізді. Қазір шаруашылықтың бағымында қаз бен үйрек және жұмыртқалайтын тауықтың 2 мыңдай балапаны өсіп жатыр. Ауданда өз кәсібін өрістетуге ниетті тұрғындар саны өсіп келеді. Мәселен, жеңілдетілген несие алудан үмітті 60 адам «Бастау бизнес» бизнес бағдарламасы аясында білімдерін жетілдірген. 

Азамат Бейсенбаев,  Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Негізгі қорғалып жатқан жобалар мал шаруашылғына. соның ішінде соңғы кезде мына еңбек бағдарламасы бар,   отбасылық бизнес деген бағдарлама бар, жастарға арналған бағдарламалар бар. Негізгі бағыт бізде сол мал шаруашылығы, соның ішінде құс шаруашылығына гранттар, соған жоспарланып жатыр, жобаларын қоғап жатыр.       

Шыңғырлау ауданында тіркелген 600-ден аса кәсіпкерлік нысанының дені мал шаруашылығымен айналысады. Аталған салада мыңға тарта адам екі қолға бір күрек тапқан. Жыл соңына дейін «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша 90 адам өз білімдерін жетілдірмек. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы