384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 6 туристік нысан ашылды

  • 513
  • UPD: 15:21, 12.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында ашық аспан астында Ботай мәдениетінің музейі ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге демалуға келетін туристер ежелгі адамдардың тұрағында түнеп, салт атпен табиғат аясына шыға алады. Биыл Имантау – Шалқар курорттық аймағында 6 нысан ашылды.

Айыртау – талайды табиғатымен тамсандырған жер. Ал бұл – Шалқар көлі. Ғалымдардың айтуынша, оның суы теңіз суымен бірдей. Міне, тұп-тұнық, мөп-мөлдір.

Александр Воронов алғашқы қонақтарын қарсы алуға қамданып жүр. Елде егін егіп, мал ұстайтын шаруа енді туризммен айналыспақ. Ол осы салаға 80 млн теңге салып, Шалқар көлінің жағасынан демалыс орнын ашты. 

Александр Воронов, демалыс орнының директоры:

- Германиядан екі адам келіп демалады. Адамдар осы бастан хабарласып, үйлерді алдын ала алып қойып жатыр. Бәрі дайын. Қызмет көрсету сапасына баса мән береміз.

Ал бұл – кезінде талай адам тыныққан «Шалқар су» шипажайы. Нысан көп жылдан бері қаңырап бос тұрған. Енді оған инвестор табылып, емдеу орны қайтадан қалпына келтіріледі. Бұл жұмысқа 1 млрд теңге жұмсалады. Кешен 200 адамға арналған.

Ақан Жанпейісов, инвестор:

- Бұрынғы емдеу шараларын сақтай отырып, қазіргі заманауи технологиялар бар, заманауи құрылыс материалдары бар, заманауи дүниелермен жабдықтап, жаңадан ашылу. Енді «Шалқар су» қайтадан дүниеге келіп жатыр.

Имантау – Шалқар курорттық аймағы Қазақстанның туристік орындарының алғашқы ондығына кіреді. Былтыр бұл жерде 441 млн теңгенің 10 жобасы жүзеге асты. Жолдар да жөнделіп жатыр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Былтыр осы Айыртау ауданының жолдарына 3 млрд теңге қаражат бөлінген. Осы 3 млрд теңгеге 100 шақырымдай жол жөнделді. Ал биыл 3,5 млрд теңге. Ол да сол қаражатқа 140 шақырымдай жолды жөндеу. Туризмді дамыту үшін ең алдымен инфрақұрылым керек.

Айыртау – табиғатымен де, тарихымен де бай өлке. Енді жылқының алғаш жүгенделген жерінде Ботай мәдениетінің музейі салынады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы