378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда заманауи аурухананың құрылысы басталады

  • 140
  • UPD: 15:17, 12.06.2019
Петропавлда заманауи аурухананың құрылысы басталады

Оған түрік компаниясының қаражаты жұмсалмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпбейінді  аурухана «Шығыс» шағын ауданында бой көтереді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, келіссөздер жыл көлемінде жалғасқан. Бүгін Үкімет қабырғасында меморандумға қол қойылды. Маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы солтүстікқазақстандықтарға ғана емес, облыс маңындағы аймақтар мен Ресеймен шекаралар өңір халқы үшін де сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.

Дәл осындай аурухана Түркістан облысында да салынады. Жоба құны – 50 млрд теңге. Құрылыс 2022 жылы аяқталуы тиіс. Онда соңғы үлгідегі технологиялар енгізілмек. Инвесторлар дәрігерлерді оқытып, білікті мамандарды шетелден тартуға бекініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы