389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында оқушылар әскердегі сарбаздармен хат алмасты

  • 370
  • UPD: 15:15, 12.06.2019
Атырау облысында оқушылар әскердегі сарбаздармен хат алмасты

Атырау облысында Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық «Сарбазға хат» акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара өскелең ұрпақ арасында әскери-патриоттық және отансүйгіштік тәлім-тәрбиені қалыптастыруға бағытталған. «Сонымен қатар әскер қатарына жаңадан қабылданған сарбаздарға да психологиялық қолдау ретінде үлкен көмегі тиеді», – дейді мамандар. Жауынгерлер де мектеп оқушыларының хаттарына жауап беріп, өздерінің өмірден көрген-түйгендерін, балаларға ақыл-кеңестерін айтып жатыр. Ұрпақ сабақтастығы арқылы жас ұрпақты бала кезінен-ақ елін-жерін сүюге тәрбиелеу ісі барлық аймақта жалғасын табады. Бүгін қолына қаламын алып, Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздарға хат жазған балалардың арасында туған ағалары да әскер қатарында қызмет атқарып жүр екен. Бұл балалардың хаттары еліміздің кез келген әскери бөлімшесіндегі нақты мекенжайға, іні-қарындастарының сәлемдемесі ретінде ағаларына жолданады.

Назарбек Мырзақуат, оқушы:

– «Балдырғандар» лагерінде демалып жатырмын. Ата-анам сізді сағынып хат жіберіп жатыр. Мен де сізге хат жолдап жатырмын. Сізге армияда сәттілік тілеймін. Сондықтан сіз бізге тез келіңіз. Мен өскен соң сіз сияқты боламын. Сіз секілді армияға барып, Отанымды қорғаймын. Отаным аман болғанына шүкіршілік».

Арман Керей, №41433 әскери бөлім жауынгері:

- Бүгін мектеп оқушыларының хаттарын оқып, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды және Отан алдындағы борышымыз бен жауапкершілігіміздің күшейе түскенін сездік. Міне, оқушылардың хаттарды адал ниетпен, шын көңілмен жазғандары көрініп тұр және сол оқушылардың сенімдерін ақтаймыз деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы