383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өзен суы көтеріліп жатыр

  • 88
  • UPD: 15:15, 12.06.2019
ШҚО-да өзен суы көтеріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан өзендердегі су көтеріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Глубокое ауданындағы Тарханка ауылының тұрғындары Үлбі өзені үйлерін шайып кете ме деп қауіптеніп отыр. Жауыннан көтерілген өзен суы жыл сайын бірнеше метрлеп жағаны опырып, қора-жайлар мен бау-бақшаға жақындап қалған. Сондықтан жергілікті жұрт қазір күн сайын су деңгейін бақылап, мазалары қашқан. Ал осы аудандағы Глубочанка өзені нөсердің салдарынан арнасынан асып тынды. Сөйтіп Черногорка ауылындағы он шақты аула мен 4 үйдің жертөлесіне су кірді. Дегенмен құтқарушылардың көмегімен қазір жағдай тұрақталды. Алайда өлкедегі өзендерден қауіп сейілмей тұр.

Наталья Глушакова, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы:

- Әзірге дабылды ескерту жарияланған жоқ, алайда синоптиктердің мәліметінше, өңірде күн әлі де жауын-шашынды болады, бұршақ жаууы да мүмкін. Сондықтан бұл өзен-көлдердегі су деңгейін көтеруі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы