389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тозығы жеткен тас жолдарға асфальт төселуде

  • 320
  • UPD: 15:15, 12.06.2019
Алматы облысында тозығы жеткен тас жолдарға асфальт төселуде

Биыл Алматы облысының Балқаш ауданындағы көптен күткен өзекті мәселе оң шешімін таппақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сан жылдар бойы пайдаланылып, тозығы жеткен тас жолдарға асфальт төселіне бастады. Бұл мақсатқа 574 млн теңге қарастырылған. Қолға алынған игі бастама ауылдар арасындағы жол қатынасын жеңілдете түспек. Өйткені аудандағы елді мекендер бір-бірінен 100-230 шақырым қашықтықта жатыр. Жол жөндеуге кіріскен мердігер мекеме өкілдері осыған дейін қажет құрылыс материалдарын Алматыдан тасып келген. Енді аудан аумағында зауыт салып, қиыршық тасты өздері өндірмек. 

Асқар Ыбраев, мердігер мекеме басшысы: 

- Зауыт қойып жатырмыз. Ауданға жақын маңайдан. 30-35 шақырым.

Бұған дейін ондай болмаған. Қиыршық тас шығаруға үміттеніп отырмыз. Аманшылық болса, 10 күннің ішінде іске қосамыз.

Қабыл Күлтебаев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бізде 15 ауылдық округ бар. 13 жоба алты ауылды қамтып отыр. Атап айтатын болсақ, Бірлік, Бақбақты, Бақанас, Құйған, Ақши ауылдық округтерінде осы жоба жүзеге асады.

Хабар 24 телеарнасы