384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қайраткерлері Президент бастамаларына қатысты өз ойларымен бөлісті

  • 80
  • UPD: 20:09, 12.06.2019

Ұлықтау рәсімінен кейін бірқатар танымал тұлға, өнер, спорт және қоғам қайраткерлері Президент бастамаларына қатысты өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи сәттің куәгері болған қоғам қайраткерлері Президент бастамаларын қолдайды. Әсіресе, жастардың тың идеяларын өз елімізде жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, олар ел ертеңі үшін аянбай еңбек етеді дейді олар.

Дана Нұржігіт, тележүргізуші:

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді осындай биікке жеткізіп, заманның қым-қуытынан аман-есен алып шықты. Ендігі кезекте байрағымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолында. Кемшілік қоғамымызда жоқ емес, бар. Оның барлығын Қасым-Жомарт Кемелұлы біледі. Одан хабардар. Оны бүгін ұлықтау рәсіміне дайындаған сөзінен біліп отырмыз. Әсіресе, әлеуметтік мәселе, жастарға тізгінді беріп, жастарға сенім арту жайлы өте мықты айтты.

Ұлықтау рәсіміне қатысқан ақын Шөмішбай Сариев Президентті ел-жұрттың қамын ойлаған күрескер деп бағалады. Ол Мемлекет басшысы халықтың жағдайын жақсартып, дамуға жетелейтініне сенеді.

Шөмішбай Сариев, ақын:

– Президент – біздің қорғанысымызды, біздің тыныштығымызды сақтайтын тірегіміз.

– Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосады. Дамыған мемелкеттер қатарына бірге жету үшін бірлігіміз бекем болуы маңызды. Салтанатты жиынға қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсылық Үшкемпіров халықты бірлікте болуға шақырды. 

Жақсылық Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:

– Қазақстанды алдыңғы қатарда болуы үшін барлығымыз атсалысуымыз керек. Қолымыздан келгенше жақсылық жасауымыз керек. Сонда ғана біз ұлы халық боламыз.

Салтанатты жиында жаңа Президентті де мемлекеттің гүлдену жолында бірге еңбек етуге шақырды.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы