Билік басына жаңа президенттің келуі еліміздің саяси өміріне үлкен өзгеріс әкеледі.
Ақтөбе облысының құрметті азаматы Келдібай Есмағанбетовтың пікірі осындай. Ол жаңа президенттің алға қойған мақсаттарына жету үшін барлығымыз жұдырықтай жұмылуымыз қажет деп санайды.
Сидней Олипиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайым да жаңа президент спортшылардың жаңа белеске шығуына дем береді деген үмітте.