383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Леся Каратаева: Үкімет қызметі халық үшін ашық болуы маңызды

  • 60
  • UPD: 20:12, 12.06.2019

Жаңа сайланған президент мемлекеттік саясатта қандай мәселеге басымдық береді?

«Ең алдымен әлеуметтік саланы назарда ұстау керек», – дейді саясаттанушы Леся Қаратаева. Бұл басымдық Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да көрсетілген. Бұл халықтың әлеуметтік саясатты арттыруға деген сұранысынан туындаған және ешқандай кейінге қалдыруды күтпейтін сала, – дейді сарапшы.

Леся Каратаева, саясаттанушы:

– Мойындау керек, бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, жаһандық сипат алған мәселе. Сондықтан қызметіне жаңадан кіріскен президент елімізде өмір сапасын жақсартуға жағдай жасап, халықтың табысын арттыруға күш салатынын айтты. Осы уақытқа дейін де бірқатар бағдарлама қолға алынған. Оның ішінде шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашылмақ. Тағы бір маңызды мәселе – халық пен билік байланысының жаңа форматын құру керек, деді. Яғни тиімді диалог болу керек. Үкімет қызметі халық үшін ашық болуы маңызды.

Хабар 24 телеарнасы