384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Дауылбек: Бірлік пен берекені сақтауымыз қажет

  • 65
  • UPD: 20:14, 12.06.2019

Бірлік пен тұрақтылық. Осы екі ұғымсыз қоғамның дамуы екіталай.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау сәтінде елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс бағдарламасын айқындады. «Халықты жұмыспен, баспанамен қамту ұсыныстарын барынша қолдап, ортақ іске жұмылып кірісу керек. Ол үшін ауызбіршілік пен бейбітшілік қажет», – дейді ауған соғысының ардагері Әли Нариманұлы.

Әли Дауылбек, «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

– Маған Президенттің бұдан бұрын қолға алынған бағдарламаларды одан әрі жалғастырамын дегені ұнады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрмыстық әл-ауқатты көтерудегі бастамаларын қолдаймын. Ең бастысы тұрақтылық пен бейбітшілік маңызды. Біз өзара кикілжіңге жол бермей, бірлік пен берекені сақтауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы