Елордада кезектен тыс президент сайлауы күні 30 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін олардың бірі перзентханадан шығарылды. Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімімен тұспа-тұс келген Қарабала әулетінің қуанышымен біздің түсіру тобы бөлісіп қайтты. Үш келі 800 грамм салмақпен дүние есігін ашқан батырдың есімі – Қасым Құрал. «Қазақ тарихындағы Қасымдардың орны ерек. Біздің ұлымыз да еліне еңбегі сіңер азамат болатынына сенеміз», – дейді ата-ана.
Жаңарған Қарабала, қала тұрғыны:
– Өзіміз де толқып тұрмыз. Сіздер де көріп тұрсыздар Он бесінші ғасырдағы Қасым хан мен бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұштастырып, есімін Қасым қойып отырмыз. Ата-әжесімен ақылдасып солай деп шешіп отырмыз.