378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30% көбейеді

  • 191
  • UPD: 23:19, 12.06.2019

Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30 пайызға көбейеді.

Мұндай өзгерістер міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелерге қатысты заң жобасына енгізілген. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бұл құжатты Мәжіліс депутаттарына ұсынды. Оған сәйкес келер жылдан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және еңбек ету қабілеттілігін жоғалтқан азаматтарға берілетін жәрдемақы ең кемі 5-7 мың теңгеге өспек. Мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл қолдауға бас-аяғы 200 мыңдай адам ие болады. Бүгін төменгі палата мақұлдаған Заң жобасы енді Сенаттың қарауына түседі.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімде төленеді. Оның мөлшері елдегі инфляцияға байланысты көтеріліп тұрады. Бұл енді 5 пайыздан 8 пайызға дейін. Қандай инфляция болады, сондай әлеуметтік төлемдер көтеріледі. Бюджеттен төлейтініміз бар, содан кейін әлеуметтік қамту мемлекеттік қорынан төленеді.

Хабар 24 телеарнасы