383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ірі отандық компаниялардың сандық стратегияны қалыптастырудағы жетістігі қандай

  • 77
Ірі отандық компаниялардың сандық стратегияны қалыптастырудағы жетістігі қандай

Тау-кен металлургия саласында цифрландыру қалай жүріп жатыр?

Ірі отандық компаниялардың сандық стратегияны қалыптастырудағы жетістігі қандай? Осы мәселелер оныншы мәрте өткен тау-кен металлургиясы конгресінде талқыланды. Сала мамандарының айтуынша, ең алдымен кәсіпорындар маман дайындау мәселесіне баса назар аудару қажет. Ал бұған мемлекет тарапынан қолдау болғаны жөн. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар тапқан табысының 1 процентін ғылымды дамытуға бөледі. Тау кен-металлургия қауымдастығы осы қаражатты тиімді пайдалану жағына да назар аудару керек, деп санайды. Биылғы шараға 21 елден 700-ден аса делегат қатысты. Олар екі күн бойы цифрландырудың артықшылықтары мен инвестицияның мүмкіндіктері жайында тәжірибе алмасып, ортақ түйткіл жайттарды ортаға салады.

Николай Радостовец, тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

– Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл сектор мұнай-газ саласынан кейін ел экономикасының құрылымында екінші орынды алады. Өндіріске роботтандырылған жүйені енгізу, үлкен деректерді және индустрияның басқа да 4,0 технологиялары шығынды төмендетеді. Бизнес үрдістер, бизнес модельдер кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Оған баса мән берген жөн. Бірақ бұл мәселеде маман дайындауды басты қаперге алу керек деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы