383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті

  • 91
Еуроодақ су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті

Еуроодақ елдері Орталық Азия өңірімен су ресурстарын басқару бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық Уикуп жобасы 30-дан астам қазақстандық маман үшін су сапасын бақылау бойынша 3 күндік семинар өткізді. Білімін жетілдіргендердің арасында жауапты министрлік қызметкерлері, өндіріс өкілдері және сарапшылар да бар. Шетелдік мамандардың айтуынша, қазір Орталық Азиядағы су қоймаларының сапасы соңғы 10 жылда нашарлап кеткен. Су тапшылығын азайту үшін Еуроодақ Уикуп жобасын қолға алып, аталған аймақ елдерінде оқыту шараларын ұйымдастырыпты. Бұл жобаның Қазақстанда өтуіне мұрындық болған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығы. Бұл ұйым еліміздегі қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысады.

Гауһар Бейсеева, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығы басшысының орынбасары:

– Не үшін жаңа технологиялар енгізіледі? Өнеркәсіптер комплекстік-экологиялық лицензия алу керек. Олардың өндірістері таза болып шықса, яғни ауаны, жерді, суды ластамаса, комплекстік-экологиялық рұқсат алуға тиісті.

Хабар 24 телеарнасы