384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіподақтар ұйымы бас кеңесінің отырысы өтті

  • 74
  • UPD: 07:12, 13.06.2019
Кәсіподақтар ұйымы бас кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан кәсіподақтар ұйымы сайлауалды науқан кезінде үгіт-насихат жұмыстарына шамамен 200 млн теңге жұмсапты.

Бір ай көлемінде 10 мыңға жуық материал жариялап, 40-тан астам елді мекенді аралаған. 700-ге жуық шара ұйымдастырып, 300 мыңға жуық адамды қамтыды. Осы және өзге де қызметтерге ел бойынша 6 мың бақылаушы мен еріктілер тартылды. Бұл туралы федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайым Бас кеңес отырысында хабарлады. Оның айтуынша, сайлау барысында дауыстардың айтарлықтай көп болмауына бірнеше фактор әсер еткен. Оның ішінде, сайлаушылардың саяси сабақтастық пен тұрақтылыққа басымдық бергені байқалғаны рас, дейді ұйым өкілдері.

Аманкелді Таспихов, ҚР президенттігіне ҚРКФ атынан ұсынылған үміткер:

- Менің сайлауалды бағдарламам біз әрбір еңбеккердің мүддесін қарастырсақ, негізі бұл жерде қазақстандықтар тұрақтылыққа, ынтымақтыққа соған бет бұрып, дауыс берді. Сондықтан сайлау нәтижесі осындай деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы