389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың бағдарламасының орындалуынан күтеріміз көп – Сарапшылар

  • 423
  • UPD: 09:41, 13.06.2019

Мемлекет басшысының бағдарламасы ел үдесінен шығады. Бастысы ол халықтың мүддесін қорғауға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде ел дамуына бағытталған бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Әлеуметтік саланы жетілдіру мен инфрақұрымды дамытудан бастап, жемқорлықпен күреске дейін барынша көңіл бөленетіндігін айтты. Ел болашағын көздейтін бағдарламаға  қоғам белсенділері, ардагерлер болып, барынша қолдау білдіріп жатыр.    

Өмірзақ Озғанбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы білімді, парасатты мәдениетті зиялы отбасынан шыққан азамат. Сондықтан бұл азамат елге еңбек еткен, танылған. Алуан түрлі қызметтерді атқара жүріп, халықаралық деңгейге шыққан адам. Жан-жақты сыннан өтіп келген адам. Сондықтан бұл елдің президентінен халықтың да, біздің де күтеніміз көп. 

Максим Споткай, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы:

- Қазір ең басты мақсатымыз - Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жалғастыру. Сол бағдарлама негізінде 2 басты мәселе бар. Ол сабақтастық, әділдік пен өрлеу. Сабақтастық - ол Елбасыны салған бағдарламаларды жалғастыру деген. Өрлеу деген бір жерде тоқтамай, жаңғыру.

Хабар 24 телеарнасы