389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айгүл Мүкей: Президент әлеуметтік мәселелерді жедел шешуге басымдық беріп отыр

  • 264
  • UPD: 10:11, 13.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық кеңес құру бастамасы елдегі әлеуметтік мәселелерді жедел шешуге басымдық бергенінің белгісі.

Мұндай пікірді танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей білдірді. Оның айтуынша, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы, олардың зейнет жасы, зейнетақы мөлшері бүгінде көпшіліктің көкейіндегі сауал. Мұны жаңа президент жақсы біледі.

Айгүл Мүкей, тележүргізуші:

-  Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тұстары қатты қызықтырған. Бүгін инаугурация кезінде президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бастамасын көтерді. Бұл халық пен билік арасын жақындастырып, қоғамда қордаланған кейбір мәселені көп созбай шешеді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы