378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің барлық өңірінде «Адалдық алаңы» кеңселері ашылып жатыр

  • 145
  • UPD: 13:56, 13.06.2019

«Адалдық алаңы» адалдықтан аттамауды үйретеді.

Бүгін еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай тың жобаны іске қосты. Құжат  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа үлгісін жүзеге асырмақ. Яғни «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол жоқ. Жоба авторлары осы арқылы халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттырмақ.  Қазірде еліміздің барлық өңірлерінде «Адалдық алаңы» кеңселері ашылып, тиісті жұмыс атқарылып жатыр. 

Жанар Тайжанова, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы:

- Біздің азаматтардың бір түсінігі кез-келген нәрсені шешу барысында тездету үшін, немесе бір көмек алу үшін міндетті түрде ақша беру деген түсінік қалыптасқан. Соны жою. Бұл жобалық кеңсенің негізгі мақсаты осы саладағы біріншіден мына басшылардың жауапкершілігін дербестендіру. Екіншіден халыққа барынша ашық, қолжетімді болуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы