382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық пен билік арасындағы көпір болмақ – Профессор

  • 115
  • UPD: 08:59, 13.06.2019
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық пен билік арасындағы көпір болмақ – Профессор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру туралы бастамасы тек зиялы қауымның ғана емес, барша қазақстандықтың көңілінен шықты.

Себебі халықтың бүгінгі әлеуметтік ахуалына әсер ететін, билік пен бұқара арасындағы байланысқа көпір болады деген үміт басым. Жаһандық ықпалдастық жағдайында өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы өркениет жемісі саналатын келісім мен диалогты дұрыс көреді, дейді атыраулық ғалымдар.

Жанна Қыдыралина, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Осы кеңестен зор үміт күтеміз. енді бұған әрине, қоғамдағы белгілі саясаткерлер, мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық белсенді пікір білдіріп жүрген азаматтар қатысады деп ойлаймыз. және Қазақстанда тұратын әлеуметтік топтардың да өкілдері қатысуы тиіс. Демократиялық қоғамда ел деген қоғам ол сегментарлық қоғам болады. Сондықтан билікпен диалог жасағанда осы қоғам сегменттерінің өкілдері қатысуы керек.

Хабар 24 телеарнасы