378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зиялы қауым өкілдері ҚР президентінің бағдарламасына қатысты ойымен бөлісті

  • 91
  • UPD: 15:28, 13.06.2019
Зиялы қауым өкілдері ҚР президентінің бағдарламасына қатысты ойымен бөлісті

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері Президенттің 10 тапсырмасына қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп жатыр.

«Бізге, әсіресе, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыру, өңірлерді дамыту жайлы айтқандары қатты ұнады. Рухани жаңғыру дегеніміз – тарихқа құрметпен қарау, ал өңірлерді дамытуды күллі елдің қуатын арттыру деп түсінеміз. Өйткені алып мұхиттардың өзі бусанған бұлақтардан бастау алады», - дейді ақын, «Жетісу» газетінің редакторы Әміре Әрін.

Әміре Әрін, ақын:

- Өңірлерді дамыту арқылы, облыстарды, аудандарды, ауылдарды дамыту арқылы, сол арадағы резервтерді іске қосу арқылы, сол арадағы еңбек етіп жатқан, тұрып жатқан. халықтарды ұмтылдыру, ынталандыру арқылы біз елдің жалпы қорын, ұлттық өсімді молайтуымыз керек. Міне, осы жағы әрине біздің көңілімізден шығады.

Хабар 24 телеарнасы