378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асылбек Қожахметов: Билік пен азаматтық қоғам серіктес болуы керек

  • 89
  • UPD: 17:54, 13.06.2019

Азаматтық қоғамға құлақ түру – заман талабы.

Мемлекет басшысының үшінші сектормен байланыс орнатуға ден қоюы қуантты. Бұл – Азаматтық альянс президенті Асылбек Қожахметовтың пікірі. Оның айтуынша, елдегі үкіметтік емес ұйымдардың қордаланған түйткілдерді шешуде үлесі зор. Тек қолдау керек. 

Асылбек Қожахметов, Азаматтық альянс президенті:

- Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы ұсынысы ұнады. Бұл туралы бұған дейін де айтылып жүргенімен, қазіргі бағыт басқа. Қоғам мен биліктің байланысын нығайту жолға қойылады. Бүгінде елімізде 22 мың үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 6,5 мыңы белсенді жұмыс істеп тұр. Олардың айтары бар. Мемлекет оларды серіктес ретінде қабылдаса, нәтиже болары анық. 

Хабар 24 телеарнасы