378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Әлеуметтік бастамалар орындалуы тиіс

  • 89
  • UPD: 23:41, 13.06.2019

Кезектен тыс президенттік сайлау еліміздің заңдарына сәйкес, барлық талаптарға сай өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Енді халық таңдаған президент сайлауалды бағдарламасын іске асырып, әлеуметтік салаға баса назар аударуы тиіс. Сайлау нәтижелерін қорытындылаған «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің ұлттық коалициясының мүшелері осылай дейді.

Азаматтық қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен жалпы халықтың мүддесін көздеген коалиция президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап отыр. Елдегі жетекші саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары: «мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы толығымен іске асуы керек», – дейді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысы атап өткендей, біртұтас ел болып қалу – біздің басты бағдарымыз. Жұдырықтай жұмылып, қоғамның барлық өкілдерін, оның ішінде жастарды да диалогқа шақырып, бірігіп әрекет етсек қана көздеген мақсаттарға қол жеткізетініміз анық.

Басқосуда президенттің Қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру туралы бастамасы да қызу талқыланды. Беделді ұйымның айтары бар мүшелері мұны толығымен қолдайды. Яғни бұл кеңес билік пен халық арасында сенімді диалог қалыптастырмақ. «Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған барлық тапсырмасы орындалуы тиіс», – дейді жиналғандар. Ол үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы тікелей айтты, ең бірінші міндет – әлеуметтің жағдайды, халықтың әлеуметтік жағдайын, табысын көтеру мәселесі. Сол себептен, біз осындай ұсыныстарды толық қолдап отырмыз. Қазіргі таңда сайлау көрсетті, халықтың өзінің пікірі, өзінің ойы бар. Сондықтан осы ойларды бір жерге жинақтап, соның ішінде өзекті мәселелерді жинақтап, соны шешу жолдарын табу. 

Жиын соңында қазақстандықтарға арналған үндеу қабылданып, оны барлығы бір ауыздан қолдады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Өмірбек Изимов, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы