378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


О.Иванова: Ендігі міндет – президент берген бағыттарды іске асыруға бір адамдай жұмыла кірісу

  • 75
  • UPD: 23:41, 13.06.2019
О.Иванова: Ендігі міндет – президент берген бағыттарды іске асыруға бір адамдай жұмыла кірісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар арқылы ел экономикасын өрлетудің негізгі тетіктерін көрсетіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде президенттің әлеуметтік қолдауларды жетілдіру туралы айтқаны жұрт көңілінен шығып жатыр. «Өйткені дәл осы әлеуметтік мәселелер әр отбасын елеңдетпей қоймайды», – дейді Шығыс Қазақстандағы отбасылық қатынастарды зерттеумен айналысатын мекеме өкілдері. Олардың айтуынша, ендігі міндет – президент берген бағыттарды іске асыруға бір адамдай жұмыла кірісу.

Ольга Иванова, қоғамдық ұйым жетекшісі:

- Мемлекет басшысы айтқан әлеуметтік бағыттар туралы бастамалардың маңызы зор. Неге десеңіз, табысты молайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпке тарту сынды жайттардың қайсысын алсақ та, отбасымен байланысты. Дегенмен осы айтылғандар сәтті іске асу үшін біз бір адамдай, жұдырықтай жұмыла еңбек ету керекпіз. Тек сонда ғана мықты нәтижеге қол жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы