389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында өрт сөндірушілердің дайындығы пысықталды

  • 244
  • UPD: 23:39, 13.06.2019

Жамбыл облысында дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалынды өшіруге аттанған өрт сөндірушілерге қырғызстандық мамандар да көмекке келді. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Қызылқайнар ауылы маңындағы таулы аймақтың етегі отқа оранған. Көрші елдің жеріне ауысу қаупі төнгендіктен, тараптар бірлесе әрекет етті. Тілсіз жаумен күресуге бас-аяғы 169 адам, 20 арнайы техника мен тікұшақ жұмылдырылды. Мамандар өзіне жүктелген тапсырманы сәтті орындап шықты.

Айта кету керек, былтыр өңірде 39 дала өрті тіркелген. Соның салдарынан мемлекетке 74 млн теңге залал келген. Апаттың бетін жедел қайтару мақсатында жыл сайын техника жаңартылып, озық-үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алынады. Биыл бұл мақсатқа 100 млн теңгедей қаржы жұмсалған.

Хабар 24 телеарнасы