378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Ауыл халқы облыс орталықтарына көшсе деп есептеймін

  • 132
  • UPD: 23:36, 13.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтарды дамыту туралы бастамасы жаңа ірі мегаполистердің қалыптасуына септігін тигізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушылардың пікірінше, бұл ел экономикасының дамуына үлесін қосады. Әрбір облыс орталығы инвестиция тартуға, өндіріс орындарын салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш салу қажет. Бұл ішкі миграциялық үдерістердің реттелуіне де оң ықпал етеді.

Андрей Чеботарев, саясаттанушы:

- Қазір негізгі орталық – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары. Олардың қатарына бірте-бірте Шымкент те қосылып келеді. Бірақ басқа аймақтарда ондай тартылыс күші жоқ. Керісінше, ол облыстардың тұрғындары екі ірі қаламызға немесе шетелге кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін ең алдымен аймақтардың экономикасын дамыту қажет. Мейлі, миграция бола берсін. Бірақ ауыл халқы облыс орталықтарына көшсе деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы