378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықтың ұсыныстары назарға алынады

  • 121
  • UPD: 23:35, 13.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде жаңа 10 тапсырманы орындауды алға мақсат етіп қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент халықты толғандырған мәселелердің шешімін де ашып айтты. Осыған байланысты бүгін Қарағандыда Nur Otan партиясы облыстық филиалының кезекті отырысы өтті.

«Халық әділдік орнауын қалайды» деп сөзін бастаған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің ұлықтау рәсімінде облысымыздан арнайы делегация аттанған болатын. Нақты тапсырмаларды аймаққа алып келген саяси кеңес мүшелері бүгін бас қосып, алдағы атқарылар жұмыстарды талқылады.

Қадиша Оспанова, Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бізде «Бірге» деген акция орындалды. Сол акцияда 55 мыңнан астам ұсыныс түсті. Ең бірінші ұсыныстардың ішінде халықтың жағдайын жақсарту, тұрғын үй мәселесі бар. Әрбір сұрақты комиссияда қарастырамыз. Одан кейін әкімшіліктермен бірге осы ұсыныстарды, сұрақтарды мәселелерді шешуге тырысамыз.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында 10 бағыт бойынша міндеттер қойған президенттің тапсырмасын облыстық мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады. Енді олар халық мүддесі үшін жаңашылдыққа дайын екендерін айтып отыр.

Бекзат Алтынбеков, облыстық мәслихат депутаты:

– Ұлықтау рәсіміндегі президентіміздің халыққа айтқан ұсынысы деп қабылдауымыз керек. 10 нақты тапсырманың барлығы халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында айылды. Партиямыздың мүшелері, саяси кеңес мүшелері осы мақсатта жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар алдық.

«Президенттің жаңа тапсырмалары елімізді одан әрі дамытады және көркейтеді», – дейді депутаттар. Елдің сенімін ақтау үшін халық қалаулылары алдағы уақытта жұртшылықпен жиі кездесетіндерін де айтты.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы