389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің түлектері диплом алды

  • 314
  • UPD: 23:30, 13.06.2019
Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің түлектері диплом алды

Нұр-Сұлтанда Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті түлектерінің оқу бітіру рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 150-ден аса магистрант қатысты. Білімін шыңдаған әскерилер енді Қазақстанның Қарулы күштері мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына мүше елдердің офицерлік корпусын толықтырады. Салтанатты шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы келіп, үздік үлгеріммен бітірген офицерлерге диплом табыстады.

Айта кетейік, бұл университет – Орталық Азия аймағындағы ең ірі әскери оқу орындарының бірі. Мұнда Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген курсанттар білім алады. Бүгінде бірігей білім ордасы 1500-нан аса әскери маманды дайындап шығарды.

Берікжан Аманов, Ұлттық қорғаныс университетінің түлегі:

- Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары бүгінгі сәтте оқуды тәмамдап, диплом алу кезеңіне жетіп жатырмыз. Бітіруші түлектерге айтарым, ҚР Қарулы күштерінің және егемен еліміздің іргесінің тұтас болуы үшін алған біліміміз бен жетістіктерімізді тәжірибеде, оқу-жаттығуда қолдануын тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы