389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

  • 378
Медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Маусымның үшінші жексенбісінде ақ халатты абзал жандар кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл медициналық оқу орындарын 5 мың түлек тәмамдады. Бірақ әлі де дәрігер тапшылығы азаймай тұр. Емханаларға мыңға жуық маман қажет. Бүгінде бір дәрігерге 2 мың науқастан келетіні белгілі. Бұл мемлекеттік нормативтен 1 мың 700 адамға артық. Бірінші шілдеге дейін 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 процентке өседі. Лауазым, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай дәрігер, психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер мен медицина саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысы көбейеді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы