378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алғысқа бөленген павлодарлық З. Раздорская өмірінің 50 жылын хирургия саласына арнаған

  • 120
  • UPD: 09:49, 14.06.2019
Алғысқа бөленген павлодарлық З. Раздорская өмірінің 50 жылын хирургия саласына арнаған

Мейрам күні Павлодар облысының жүздеген медицина қызметкері халықтың алғысына бөленбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай жандардың қатарында Ертіс өңірінің тумасы Зинаида Раздорская бар. Ол ғұмырының 50 жылдан астамын хирургия саласына арнаған. Жарты ғасыр бойы Ертіс аудандық ауруханасында аянбай еңбек етіп, мыңдаған сырқаттың өміріне араша бола білді. Бүгінде сексеннің сеңгіріне жеткен білікті маман ауылдастарының ыстық ықыласы мен құрметіне ие. «Дені сау адамдарды көріп, олардың алғысын алғаннан артық бақыт жоқ», – дейді хирург. «Алтын скальпель» облыстық марапатқа ие болған дәрігер туралы арнамыздың кешкі шығарылымдарында толығырақ баяндайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы