378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


О. Нұсқабаев: Әлеуметтік саясатты жаңарту арқылы елдегі күрделі мәселелерді шешуге болады

  • 115
О. Нұсқабаев: Әлеуметтік саясатты жаңарту арқылы елдегі күрделі мәселелерді шешуге болады

Әлеуметтік саясатты жаңарту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеріп, елдегі күрделі мәселелерді шешуге болады.

Түркістандық ғалым, социология ғылымдарының докторы, профессор Оразбек Нұсқабаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде жасаған мәлімдемесі көптің көңілінен шыққанын айтады. Жиында Мемлекет басшысы елдегі кезек күттірмей шешілуі тиіс күрделі мәселелерге тоқталған еді.

Оразбек Нұсқабаев, әлеуметтік ғылымдарының докторы, профессор:

– Ең басты міндеттердің біреуі – жұмыссыз жүрген жастарды, соның ішінде оқуға, жұмысқа тартылмаған жастарды кәсіптік-техникалық оқу орнында оқытып, жұмыс жұмыстандыру мәселесі айтылды. Өйткені бұл мәселе біріншіден, алдағы жылдары елдің көркейіп, гүлденуіне қызмет етсе, екінші жағынан оларды дұрыс тәрбиелеуге, әлеуметтендіруге, қоғамдық өмірге қосуға тікелей қызмет жасайды.

Хабар 24 телеарнасы