378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Қазақстан Президенті ұсынған 10 негізгі бағыт қоғам үшін аса қажет

  • 157
Саясаттанушы: Қазақстан Президенті ұсынған 10 негізгі бағыт қоғам үшін аса қажет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 негізгі бағыт қоғам үшін аса қажетті.

Саясаттанушы Айдос Сарым осындай пікірде. Енді Үкімет пен облыс әкімдері бұл мәселелерді шешуге білек сыбана кірісу керек. Сарапшы халық пен билік арасында дәнекер болатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастаманы да ерекше атап өтті.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Кез келген ауқымды үлкен реформаларды жасау үшін кем дегенде солар туралы қоғамның ішінде белгілі бір консенсус пайда болу керек сияқты. Шынын айту керек, біздің қоғамды алатын болсақ, көптеген мәселе бойынша біздің қоғамның ішінде негативизм де, популизм де асып жатқан заман. Иә, көптеген мәселелерді жеңіл-желпі шеше салу, мінеки мемлекет ақша беру керек, бәрін құя салу керек. Сонда бәрі шешіледі деген де көзқарастар бар. Меніңше сондай популизм мен негативизмді жеңудің бір жолы – ол үлкен талқы, үлкен диалог.

Хабар 24 телеарнасы